Жаңалықтар

Шенеуніктер үлгі алса! Тоқаев өңірлерде көл-көсір дастарханды тыйған

Президент ретінде алғаш рет ел аралауға шыққанымда, әкімдер салтанатты шаралар ұйымдастыруға, көл-көсір дастарқан жаюға, билбордтар орнатуға тырысты - деп айтты Мемлекет басшысы бүгінгі egemen.kz порталына берген сұхбатында деп хабарлайды newsroom.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазір мұның бәрі тыйылған. 

“Мен облыстарға жұмыс бабымен ғана барамын. Уақыт өте келе жергілікті жерлерде де осындай жұмыс дағдысы қалыптасатынына сенімдімін. Халықты жинап, қыруар қаржы шығындап, салтанатты шаралар ұйымдастыру біржола тоқтатылады” - деген Қ.Тоқаевтың осы сұхбатын оқып, өңірлер мен шетелдерге іс-сапарға шыққанда, салық төлеушілердің ақшасын судай шашатын үлкен-кіші шенділер әдеттегі науқаншылдыққа кіріскендей кірісіп, үлгі алса болар еді?!