Қыдырәлі Болмановтың Әбілазовпен қандай байланысы бар?

Әнші пікір білдірді

Фото: әлеуметтік желіден

Белгілі әнші Қыдырәлі Болмановтың Мұхтар Әбіләзовпен бірге түскен суреті әлеуметтік желілерде таралды. Әнші бұл жағдай қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды newsroom.kz. 

Осы суреттегі азаматтар кезінде өнер,білім үздіктерін халық атынан әділ марапаттау, (сарапшылар алқасы, Төрегелді Шарманов, Қадыр Мырзалиев, Ақселеу Сейдімбек сынды қазақтың ірі тұлғалары болатын. Сол марапаттауда Ұлытау тобы “Тарлан” сыйлығымен марапатталған. Фотодағы кісілердің барлығы, осы “Тарлан премиясының” “учредителдері” марапат алғаннан соң, суретке түстік.

Әбіләзовпен дос та, қас та емеспін. Танымаймын да. Әңгімелесіп те көрген емеспін. Ал Марғұлан Сейсембай Ұлытауда дүниеге келген азамат. Құрметтеймін, өте білімді, талантты, үлкен кәсіпкер. Бұл фотоға 25 жылдан астам уақыт өтіпті. Бір парақшадан байқап қалдым да. Әр нәрсенің қайыры бар деген, Сақтар дәуірінен қалып кеткен фото болса да салыңыз. Менің бақытым – тазалығымда. Ешқашан ұрлық жасамадым. Үкіметтен қаржы сұрамадым. Тығылып, қуыстанып жүретін өмірден Құдай мені сақтаған! Абыроймен марапаттаған. Әрі қарай өздеріңіз білесіздер! Бұл – ақталғаным емес, ағымнан жарылғаным, - деп жазды әнші.

Жүктелуде...