Sportroom

Елордалық легионер футболшы 13 млн тг айлық алған ба?

«Астана» сапындағы Дембо Дарбоның жалақысы жарияланды,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Аслан Каженовтің әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.

"Телеграмм-арналар оның 13 млн тг алғанын жарыса жазып жатыр. Дарбо осы маусымда 44 ойын өткізіп, 12 гол соқты. 4 нәтижелі пасы бар.  Ойыншының өзі күні кеше «Астанадан» кетіп, «Аль-Наср» командасына қосылды.

Қысқасы, легионерлерді мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды шұғыл тоқтату қажет. Оған заңмен тыйым салу керек. Басқа амалы жоқ. Сондықтан, Құзырлы министрлік және Парламент депутаттары, осы шаруаны биылдан қалдырмай реттеңіздер...",- деп жазды Аслан Каженов.