Жаңалықтар

“АЭС құрылысы, Қаңтар қасіреті қозғалмақ” Тоқаевтың сұхбаты жарияланады

 Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Диқан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланады,- деп хабарлайды newsroom.kz Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.

"Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады. Сондай-ақ Президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады",- делінген жазбада.