Жаңалықтар

Әлем чемпионы Санжар Ташкенбай әскерге аттанды

Қазақстан Қарулы күштері қатарына бокстан әлем чемпионы Санжар Ташкенбай қабылданды,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Боксшы инстаграм парақшасына әскери бөлімде ант қабылдап жатқан суретін жариялап, «Отанды сүю – иманнан» деген жазба қалдырды.

Айта кетейік, осы жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында Санжар Ташкенбай 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанған болатын. Сонымен қатар, Иордания астанасы Амманда өткен 2022 жылғы Азия чемпионатында да топ жарған.