Жаңалықтар

Жаңа жыл: министрлер мен әкімдер қайда қарсы алады?

Келе жатқан жаңа жыл қарсаңында newsroom.kz порталы министрліктерге сұраухат жолдап, ведомстволар мен әкімдіктердің жаңа жылға жоспарын сұраған еді. 

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік органдары мен халық арасындағы «алтын көпір» e-otinish.kz қосымшасы арқылы жолдаған сұраухатымызға ең алғашқы болып, туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Whats`App желісі арқылы бірінші болып жауап жазды.

Ендеше, министрліктің баспасөз қызметінің келесідей жауабын назарларыңызға ұсынамыз.

ҚР Туризм және спорт министрлігінде жаңа жыл мерекесі қарсаңында, корпоратив бола ма деген сауалымызға, «Жаңа жыл мерекесіне орай министрліктің корпоративі жоспарланбаған», - деген қысқа әрі нұсқа жауап алдық.

Министрлік қызметкерлеріне сыйақы бола ма деген тағы бір сұраққа: «Заңнамаға сәйкес үнемделген бюджеттік қаражаттың есебінен министрлік қызметкерлеріне сыйақы беріледі»,- деп жауап берді.

Аталмыш мерекені Спорт және Туризм министрі Ақмола облысының экс-әкімі әрі түрлі видеоларға сүйенсек, спорттың бокс түрімен айналысқан не әлі айналысатын Ермек Маржықпаев өз үйінде жанұясымен қарсы алады екен.

Яғни «Министр жаңа жылдық демалысты өз үйінде отбасымен өткізеді»,- делінген министрлік жауабында.

Ал жаңадан құрылған министрлік аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға шырша кешін өткізбейтін көрінеді. Біз қайырымдылық шарасына қатысты да қандай жұмыстар істелді ме, соны да сұраған болатынбыз. 

Өзге мемлекеттік органдар осы министрліктен үлгі алып, оперативті түрде жауап берсе, бізде жариялап отырар едік. Өкінішке орай, көптеген билік органдары e-otinish.kz жүйесіндегі бекітілген уақытпен жұмыс істеп, жауаптарын келесі жылы беретін түрі бар...