weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
29 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Петропавлда бүтін бір отбасыны өлтіріп кетіпті

Жұмысшылар ауылында үш адам өлі табылды

Петропавлда бүтін бір отбасыны өлтіріп кетіпті
фото: astana.tv

Петропавлдағы Жұмысшылар ауылында бір жанұяның үш адамы өлі табылды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

БАҚ-тағы мәлімет бойынша, 28 желтоқсанда үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылған: ер адам, әйел және олардың кәмелетке толмаған ұлы.

Отбасының жерлеу қызметіне қатысты бизнесі болған көрінеді.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жантүршігерлік қылмысқа күдіктілер ізін суытпай ұсталғанын хабарлады.

"Полицейлер Петропавлдың екі тұрғынын жедел анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объектив зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Факт ҚР ҚК-ның 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→