Қар, жаңбыр, жел: 28 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

28 желтоқсанға арналған ауа райы

Фото: ашық дереккөзден

"Қазгидромет" РМК 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Бүгін Алматыда жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 7 градусқа дейін көтеріліп, түнде 2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,5 м/с болмақ.

Астанада синоптиктердің болжамынша, қар болады. Күндіз ауа температурасы 1 градусқа дейін жетіп, түнде -2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9,6 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 14 градусқа дейін жетіп, түнде 5 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,9 м/с деңгейінде болмақ. 

Жүктелуде...