«Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қоры 2023 жылды табысты қорытындылап отыр

«Samruk-Kazyna Trust» қоры қандай жобаларды жүзеге асырды

Фото: ДДСҰ

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы атынан елге маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асырушы ірі «Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қоры, 2023 жылды табысты қорытындылап отыр, деп хабарлайды newsroom.kz.

Себебі тек биыл 7 млрд теңгеден астам сомаға 50-ге жуық жоба іске қосылып, қажетті жәрдеммен 524 мың қазақстандықты қамтылған.
Жобалар медицина, білім, мәдениет және спорт, өңірлерді дамыту, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек бағытында ұйымдастырылған.
Кеше ғана Батыс Қазақстан облысында 34-ші оңалту орталығы ашылса, 23 елдімекенде бейімделген спорт секциялары мен ерекше балаларға арналған инклюзивті лагерьлер ұйымдастырылған.

Ауыл аралаған медициналық пойызды да оқырман тарапы жақсы біледі. Бұл ақжолтай құрамды да осы Қор қаржыландырған. 
Мемлекеттік тілді дамытуда Soyle.kz онлайн порталы арқылы отандастарымыз ғана емес, шетелдіктер де қазақ тілін үйренуде көрінеді.

Жүктелуде...