Астанада курьер кофехананың есігін "ұрып" кетіпті

Курьер мас күйде кофеханаға зақым келтірген

фото: kontakt-express.ru

Астанада тапсырысты қабылдаудан бас тартқан әйелге курьер қатты ашуланып, ерсі іс-әрекеттер көрсете бастапты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Мас күйде болған курьер, кофехананың есігіп аяғымен тепкілей жөнелген. 23 жасар бұзақының бұл ісі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

"Оған қатысты ӘҚБтК-нің 147-1 бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік қарастырылып, жиналған материал шешім қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.

Алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 440-бабымен хаттама толтырылған",- делінген полиция хабарламасында.

 

Жүктелуде...