Жаңалықтар

"НеМолчи.kz" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәріге іздеу жарияланыпты

"НеМолчи.kz" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәріге іздеу жарияланды,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Хабарлама Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу органдарының порталында пайда болды.

Еске салайық, бұған дейін Дина Таңсәріге алаяқтық жасады деген айып тағылғаны хабарланды.

Іздеумен Өскемен полиция департаменті айналысып жатыр.