Жоғалған атақты боксшы Алматыдан табылды

Қазақстандық боксшы Алматы қаласынан табылды

фото: qaz365.kz

Атақты қазақстандық боксшы, бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа чемпионы Серік Нұрқазов Алматыда табылды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Алматы қаласының Полиция департаменті Серік Нұрқазовтың аман-сау табылып, отбасымен қауышқанын айтты. Жоғалған боксшыны іздеу үшін арнайы топ құрылып, іздеп жұмыстары жүргізілген.

Естеріңізге сала кетейік, 64 жастағы Серік Нұрқазовтың 14 желтоқсанда Алматыда жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

Серік Нұрқазов 1980 жылдары КСРО құрамасында өнер көрсетті. Ол Тамперадағы 1981 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Римдегі 1983 жылғы Әлем Кубогының күміс жүлдегері, Варнадағы 1983 жылғы Еуропа чемпионы, Қазақстан мен КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы. 1984 жылы "көрнекті боксшы"атағына ие болды. Қазақстандықты бокс профессоры деп атаған. Тәжірибесі бар көптеген жанкүйерлер оны әлі күнге дейін кеңестік бокс тарихындағы ең  мықты жұлдырықтасушылардың бірі деп санайды.

Жүктелуде...