Жаңалықтар

Көктайғақ, бұрқасын, жел: 26 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады, күндіз оңтүстік-батыста жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста қалың қар түседі. Оңтүстікте қатты оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Еліміз бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, екпінді жел тұрады.

Солтүстік Қазақстанның солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстікте, батыста, Ақмола облысының орталығында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.