Жаңалықтар

"Көресіні көрсетем деді" Алматыдағы әйел жүргізушіні не үшін соққыға жыққан?

Өткен жұмада Алматыда болған жол-көлік апатына қатысты тың мәлімет тарады,  деп хабарлайды newsroom.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тiktok желісінде №47 автобустың жүргізушісінің оқиғаға қатысты аудиожазбасы жүр.

Ол меннен көпірде есікті ашуымды талап етті. Өз аялдамасынан өтіп кеткен екен. Келесі аялдамадан түсуін сұрағанымда, ол мені балағаттай бастады. Маған қазір көресіні көрсететінін айтты. Мен оған сенбей, “көрсет” дедім. Содан кейін екі соққы жасаған сияқты. Әрі қарай есімде жоқ, есімнен танып қалдым. Сөйлей алмай тұрмын, жағымнан қатты ұрған - дейді ол.

Айта кетейік, 22 желтоқсанда сағат 18:15-те №47 бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрған, жанжал салдарынан жүргізуші есінен танып қалған. Салдарнан автобус аялдама маңында тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан. Үш адам тіл тартпай кетті.

Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.