"Жер астында жасырынған" Танысын өлтірген екі күдікті ұсталды
Алматы қаласында танысын өлтіріп, 2 ай бойы жасырынып жүрген екі күдікті ұсталды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
22 және 23 жастағы күдіктілер қазан айында жасалған қылмысын жасыру үшін денені өртеп жіберген көрінеді.
"Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күні кеше күдіктілердің тұрған жері белгілі болды: олар осы уақыт бойы Алматы – Астана тасжолынан 2 шақырым жерде орналасқан орынды қазып, (көлемі 3х1,3 м, биіктігі 1,7 м) сол жерде жасырынып жүрген. Онда күдіктілер өздеріне арнайы баспана жасап, тамақтанатын орын жасап қойған. Олар өздерінің танысын өлтіргендерін мойындады. Күдіктілер қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.