Газ жарылыпты! Алматы облысында екі адам қаза тапты

Гүлдала ауылында газ жарылды

Фото: instagram/almobl_akimat

Алматы облысы Гүлдала ауылында болған газ жарылысынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды newsroom.kz

Бұған дейін денесінің 95 пайызын күйік шалған 32 жастағы ер адам қаза болды. Одан кейін, газдан зардап шеккен әйелдің өлімі туралы ақпаратты Алматыдағы көпсалалы клиникалық аурухана растады.

"Ауыр жарақаттардың салдарынан кеше таңертең 1991 жылы туған науқас қаза болды, ал 2003 жылы туған әйел түнде есін жимай қайтыс болды, денесін 3-4 дәрежелі күйік шалған", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 17 желтоқсанда Алматыдан алыс емес Гүлдала ауылында жеке үйлерде газ жарылып, адамдар зардап шеккен болатын. Олар ауруханаға жатқызылған.

Әкімдіктің мәліметінше, оқиға Байтұрсынов көшесі, 67-үйде сағат 6:15-те және Сүйінбай көшесі, 34-үйде 8:20-да болған. Жарылыс газ-ауа қоспасының жарылуынан болған.

Жарылыс салдарынан төрт адамның жарақат алғаны хабарланды. Табиғи газ құбырындағы қысымның көтерілуінен жарылыс болған көрінеді.

 

Жүктелуде...