Жаңалықтар

Ақырзаман жақын ба? Цукерберг 270 млн доллар тұратын жерасты бункерін сала бастапты

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг құны 270 млн доллар тұратын жерасты бункерін салып жатқан көрінеді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы business insider басылымына сілтеме жасап.

Гавай аралдарынан салынып жатқан бункердің жатын бөлмесінің өзі 460 шаршы метрден асады екен. 

АҚШ-тың Гавай штатындағы Кауаи қаласында орналасатын Koolau Ranch деп аталатын кешеннің аумағы да үлкен. Кешенде жерасты бункері, эвакуациялық люктер мен «жарылысқа төзімді есік» болады. 30 жатын бөлмеден тұратын кешеннің өзін-өзі энергиямен, тамақпен және сумен қамтамасыз ететін автономды жүйесі болады.

Кешен құрылысы шамамен 100 миллион долларға бағаланып, жерді сатып алуға тағы да 170 миллион доллар жұмсалған. 

 

Жоспар бойынша жерасты бункеріне апаратын туннель арқылы жалғасатын екі үлкен үй салынады. Бункерге баспалдақпен кіруге болатын эвакуациялық люк және бетонмен толтырылған үлкен металл есіктер болады. Meta компаниясы бұл кешен туралы сұрауға жауап бермеген.

Марк Цукерберг бұндай құрылысты бастаған жалғыз миллиардер емес.  OpenAI бас директоры Сэм Альтман, Reddit бас директоры Стив Хаффман сияқты миллиардерлер де апаттан қорғану үшін түрлі құрылыстарды бастап, керекті құралдарды сатып алған көрінеді.