Жаңалықтар

+3 градус жылылық, жел: 21 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Бүгін Алматыда күн ақша бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 2 градусқа дейін көтеріліп, түнде -6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с болмақ.

Астанада синоптиктердің болжамынша, қар жауады. Күндіз ауа температурасы 1 градусқа дейін жетіп, түнде -8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 10,1 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 3 градусқа дейін жетіп, түнде -5 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,4 м/с деңгейінде болмақ.