Жаңалықтар

"Дуаны онлайнға ауыстырған" Онлайн гипноз жасайтын өнер адамдары кімдер?

«Alayaq.net» жобасының жетекшісі, заңгер Нұрсұлтан Орынбек "Сұрауы бар" подкастына берген сұхбатында онлайн гипнозға алданған жандардың көп екендігін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"Әр блогердің әртүрлі фишкалары бар. Аудиториясына біреуі руханиятымен кіреді, біреуі өзіне керекті аудиторияны жарнама арқылы жасайды. Одан кейін, бір қазақ, бір қоғам болғаннан кейін кейбір жандардардың кей мәселесі, ауруы ұқсас. Сол мәселені желеу етіп кіреді.

Содан кейін, онлайн гипноз дегенге бұрын сенбеуші едім. Қазір сенем, бар екен. Кәдімгі дуаны онлайн дуаға ауыстырғандар бар екен. Халыққа өздерін сендіру үшін жасайды екен. Бұрыңғыдай қызыл-жасыл жіп керек емес. Тікелей мен танымал болам деп курс іздеп барған адам ғой, соған "осылай онлайн гипноз бар, шариғат шеңберінен аттап кетпейміз, "Белая магия" бар",- деп онлайн гипноз жасайтын біздің өнер адамдары, танымал болғысы келіп жүрген адамдар бар.

Біздің редакцияға хабарласқан қаржылай сауатты деген жандардың өзі қалай алданып қалғанымызды білмейміз деп айтып жатады",- деді Нұрсұлтан Орынбек.