Жаңалықтар

Пранк жасаған қызды құтқарамын деп арбаға танылған А.Ысқақ өмірі туралы фильм түсірді

Жуырда елімізде жаңа фильм прокатқа шығады. Оның түсірілуіне мұрындық болған «Қанаттылар» инклюзивті театрының директоры, бірінші топ мүгедегі –  Арнұр Ысқақ. Ол кинодан түскен қаражатқа тағы да туынды түсіруге мүдделі. Бұл туралы ол «Сұрауы бар» ютуб-арнасына берген ашық сұхбатында мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Арнұр Ысқақ осыдан 13 жыл бұрын суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп, суға секіріп, мойын омытқасын мертіктірген. Ол қыз пранк түсіргісі келгені белгілі болған. Сол сәттен бастап арбаға таңылған. Алғашқы жылдары ауыр болғанымен, кейіннен ол өзін ғана жігерлерлендіріп қоймай, өзге де ерекше жандарға қол ұшын беріп жүр. 2017 жылы ол кино түсіріп, ол 2020 жылы жарыққа шығуы керек еді. Дегенмен, оның ыңғайы келмеген әрі кей эпизодтар фильмнен алынып тасталған. Көптен күткен мақсаты енді орындалып, фильм қаңтар айында көпке жол тартады.

«Сценарийде жазылған нәрсенің барлығы менің өмірімде болып жатыр. Фильм түсіруге қалай келдім десем, тойда Қанат Үмбетов пен Әлия әпкеміздің «Махаббат жыры»»деген әнін айттық. Сол кезде Қажет Смағұл деген актер ағамыз неге клип түсірмеске деді. Сол кезде «1+1» фильмі шықты. Солай алғашынды документальды болады делінді, кейіннен келіп толыққанда фильм түсірілді. Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы ол кезде, соған барып ұсындым. Басында қолдады, бірақ қаржылай тұрғыда өтпеді. Одан кейін Қазақфильмнің адамдары сметасын жасауға көмектесіп, екінші рет жібергенде өтті»,-дейді кино авторы. 

Айтуынша қаржы сол кездегі Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан берілген. Оны Арнұр өзі басшылық ететін қоғамдық қор арқылы жүзеге асырған. Фильмде өзі сияқты қоғамдық осал топтары жайлы мәселе көтеріледі. Дегенмен фильм комедия жанрында болады. Прокаттан түскен қаражатты тағы фильм түсіруге жұмсаймын дейді.

«Алла қаласа одан түскен қаражатты киноиндустрияға бағыттаймын деген ниетім бар. Бұл кино тек комедия емес, көп бөлшегіне қарап комедия элементтері бар мелодрама. Енді табыс түсіп жатса, басқа да азаматтардың өмірін, қызықты оқиғаларын жеткізуге болатынын қоғамға көрсету. Халық қолдап жатса осы бағытта жұмыс істесем деймін»,-деді Арнұр Ысқақ.