Қылмыс

Ақтауда жаппай төбелес орын алыпты

Ақтаудағы 19-ықшамаудандағы бардың маңында ер адамдардың төбелесіп жатқан сәті видеоға түсіп қалған. Жаппай төбелестің кадрлары әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды newsroom.kz.

"Лада" басылымы 17 желтоқсанға қараған түні спорт барына келушілер арасында төбелес болғанын жазды. Жанжал мекеменің кіре берісіндегі көшеде болған.

Кадрлардан оқиға орнына бірінші жедел әрекет етушілер келгенін байқауға болады. Тіпті олардың өзі ерлердің арасындағы текетіресті тоқтата алмаған, біреуі тасты ұстап төбелеске кіріп, онымен қарсыласын соққан. Көп ұзамай полиция қызметкерлері келіп, оқиғаға қатысушыларды ұстады.

"Полиция бөліміне 33 және 34 жастағы күдіктілер жеткізілді, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді".Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі