Sportroom

Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов ММА спортындағы он сегізінші кәсіпқой жекпе-жегін, ал UFC-дегі алтыншы кездесуінде жеңіске жетті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

17 желтоқсан күні Лас-Вегаста UFC 296 турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Леон Эдвардс пен Колби Ковингтон жұдырықтасты. Дәл осы салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) америкалық спортшы Стивен Томпсонмен (17-7-1) кездесті. Шавкат UFC промоушеніндегі алтыншы қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді. Спортшы екінші раундта тұншықтыру әдісін жасады.

Қазақстандық кәсіпқой мансабындағы он сегізінші, ал UFC-дегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді.