Жаңалықтар

Тұрғындар құтқарылды: Рудныйда бес қабатты үйден өрт шығыпты

16 желтоқсан күні сағат 03:13-те Рудныйдағы Корчагин көшесіндегі үйден өрт шығыпты,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Qostanay.TV- ға сілтеме жасап.

Бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында 7 м2 алаңда диван мен қоқыс өртенген көрінеді. Өрт толығымен сағат 03-48-де сөндірілді.

ТЖД 7 адамды құтқарып, тағы 7-і баспалдақпен эвакуацияланды, олардың екеуі - балалар.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өртті ауыздықтауға 12 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылған.