Жаңалықтар

Алматыда қалың қар, боран күтілуде

Синоптиктер Алматыда жауған қардың биіктігі 6 сантиметрге жетуі мүмкін деп болжайды. Мереке күндері қаланың коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды newsroom.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көктайғақ салдарының алдын алу мақсатында Алматының негізгі магистральдары сұйық реагентпен алдын ала өңделді. Қаланың коммуналдық қызметі жол мен тротуар бөліктерін алдын ала бекітілген маршрут бойынша көктайғаққа қарсы қоспамен өңдеуді бастады", - деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі.