Тарихи жетістік: пилон спортынан Польшада топ жарыппыз

Аслан Каженов қазақстандықтардың пилон спортындағы жеңісі туралы айтты

фото: әлеуметтік желіден

Белгілі журналист Аслан Каженов әлеуметтік желісінде қазақстандықтардың пилон спортынан алған жүлдесіне қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Пилондағы спорттан тарихи жетістік...

Қазақстан өкілдері алғаш рет осы бағыт бойынша әлем чемпионатына қатысты. Нәтижесінде 2 алтын, 3 күміс және 1 қола жеңіп алды. «Мен алғашқы қатысушыларының бірі болғаныма қуаныштымын. Өзім үшін жаңа тәжірибе болды. Физикалық және эмоционалдық жағынан кедергілер кездесті. Бірақ, бәрін еңсергеніме қуаныштымын»- депті суреттегі ұлттық команда мүшесі Владимир Зыков.

Бұның барлығын Алматы қаласының спорт басқармасы әлеуметтік желіге жариялап отыр. Жаңа ғана Астанада өтетін бокс кешінің салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, былғары қолғап шеберлерінің дайындығын көріп келіп едім. Енді мына жаңалықты қабылдай алмай отырмын. Масқара. Не дейміз енді?! Ал, құтты болсын! Тарихи жетістік екен. Пилондағы спорт өкілдері ел абыройын асқақтатып, көк туымызды биіктерден көтере берсін!,- деді Аслан Каженов.

Жүктелуде...