Жаңалықтар

“Мен үшін гүлдің көкесі - шеңгел”А.Жұмаділдаев шетел шақыртуларына неге жауап бермегенін айтты

Академик, профессор Асқар Жұмаділдаев “Алғашқы” бағдарламасында шетелден келген шақыртуларға неге бармағанын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Сұхбатта академик өмірінің көп бөлігі туған жерге деген сағынышпен өткенін айтты.

“Өмірімнің жартысы сағынышпен өтті. Білмеймін, неге олай екенін. Мен өзі алғашқыда осы Алматыға, интернатқа келдім. Ол кезде шалдың баласы, әбден үйдің еркесімін. Интернатқа келіп, алғаш рет еден жуғызып қойды ғой маған. Бұл мен үшін үлкен соққы болды.
 

Содан соң, 2-3 жыл Алматыда оқыдым, содан соң Мәскеуге кеттім, өйткені оқуға түсу керек болды. 5 жыл Мәскеуде оқыдым. Содан кейін аспирантураға түстім. 8 жылды болды. Сол жерде жүрген жерімнің бәрі сағынышпен өтті.
 

Кейін Германиядан Гумбольд стипендиясына шақырту алып, соған бардым. Бірақ ол жақта тұра алмадым. Шетелде көп болдым. Еуропада 10 жыл тұрдым. Бір жерде тұрақтамадым.
Мен үшін гүлдің көкесі - шеңгел, жыңғыл, жантақ. Яғни, туған жерімнен басқа жерде тұра алмадым”,- деді Асқар Жұмаділдаев.