weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 желтоқсан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Арселордың 16 млрд теңгесі қайда кететіні белгілі болды

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорына "АрселорМиттал"компаниясынан 16 млрд теңге көлемінде қайырымдылық жарна түсті.

Арселордың 16 млрд теңгесі қайда кететіні белгілі болды
Ғаламтор желісінен

Қор алған қаражатты Қарағанды облысының халқына пайда әкелетін білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларын іске асыруға бағыттайды, деп newsroom.kz хабарлайды azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарна сомасының кемінде 50% - ы Теміртауда іске асырылатын немесе қаламен айтарлықтай байланысты жобаларға бағытталады.
Қайырымдылық бағдарламалары мен жобалары:

орта оқу орындарын жақсарту және студенттерге стипендия арқылы жоғары білім алуға қолдау көрсету;
аймақтағы STEM білімін жақсарту; 

орфандық аурулары бар пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;

Денсаулық сақтау мекемелерін озық медициналық жабдықтармен және медициналық сарапшылардың қызметтеріне қолжетімділікпен қамтамасыз ету.

Құрылғаннан бері қорға ірі компаниялардан, жеке қайырымдылық қорлары мен ұйымдардан, меценаттар мен жеке тұлғалардан барлығы 158,8 млрд теңге түсті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→