Жаңалықтар

-30 градус, аяз, жел: 12 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет "РМК" 12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Алматыда бүгін қар жауады. Күндіз ауа температурасы -5 градусқа дейін көтеріліп, түнде -17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,0 м/с.

Астанада күн ақша бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -24 градусқа дейін жетіп, түнде -32 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,7 м/с.

Шымкентте бүгін қар жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны -6 градусқа дейін жетіп, түнде -20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,9 м/с деңгейінде болмақ.