Жаңалықтар

Сүйінші! 28 Қазақстан азаматы Газадан елге оралды

28 Қазақстан азаматы Газа секторынан арнайы бортпен эвакуацияланады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Қазақстанға қайтатын 28 адам Палестина халқына жөнелтілген гуманитарлық көмек жүгі тиелген арнайы ұшақпен жеткізіледі.

«Аталған бортпен Қазақстанға Газа секторынан эвакуацияланған 28 адам – ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелері елге жеткізіледі. Барлық міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтарға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де қолдау көрсетіледі», — делінген министрлік хабарламасында.