Елордалық пиар мамандары шахматта сайысты

Астанада FIDE шебері "Ход конем" шахмат мектебінің негізін қалаушысымен шахмат сайысы өтті

Астанада FIDE шебері "Ход конем" шахмат мектебінің негізін қалаушы Павел Юрковпен бір мезгілде шахматтан ойын сеансы өтті.

ҚР чемпионы, Әлем чемпионатына қатысушы медиа және блогосфера өкілдерімен көзін байлап ойнады.

Бір уақытта ойынға 9 қатысушы қатысты.
Парламент Мәжілісінің депутаты Самат Нұртаза, PR-маман Ернар Сейтахмет, newsroom.kz порталының негізін қалаушы Олжас Беркінбаев, блогер Алмас Қожамжаров пен Самат Ысқақов, Qazaqstan halqyna қорының өкілі Бауыржан Оразғалиев, Kazinform фототілшісі Виктор Федюнин, "Хабар24" телеоператоры Самат Сүлейманов шахматшы Павел Юрковпен бір жарым сағат бойы бақ сынады.

Ернар мен Алмас тең ойнап, ұйымдастырушыдан - 10000 теңге алды. Жеңіске деген ерік - жігері үшін жарыстың жас қатысушысы Наиль Сүлейман - "Хабар" телеоператорының тоғыз жасар ұлы, тең ойын көрсетуге жақын ойын ойнады.

Іс-шараны ұйымдастырушы
PR-room қауымдастығы.
Ақпараттық серіктес-портал newsroom.kz.

Жүктелуде...