Жаңалықтар

Екібастұзда тағы апат болыпты

Түнгі сағат 01:10-да Екібастұз ЖЭО-да күл құбырының зақымданғаны анықталды. Ақау сағат 05.30-да жөнделді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы informburo_kaz - ға сілтеме жасап.

Зақымдану салдарынан екінші су жылытатын қазандықтардың екінші цехының багер сорғысын су басқан. Ыстық резервте тұрған екі энергия қазандығы іске қосылды.

Екібастұз ЖЭО қызметкерлері суды сорып жатыр.  Қазіргі уақытта станцияда 7 қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр.

Алдағы уақытта багерлік сорғыны іске қосу жұмыстары аяқталады, содан кейін ол кесте бойынша қалыпты жұмыс істейтін болады.