Венгрияда Димаш қазақтың әнін орындады

Димаш «Құсни, Қорлан» әнін орындап жатқанының видеосын салды

Видеодан кадр

Белгілі қазақстандық әнші әрі музыкант Димаш Құдайберген қызыл фортепианода қазақтың «Құсни, Қорлан» әнін орындап жатқанының видеосын салды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Венгрияда гастрольдік сапармен жүрген Димаш Құдайберген музыкалық инструменттер арқылы демалатынын байқау қиын емес. Әлеуметтік желідегі парақшасында ол «Құсни, Қорлан» әнін орындап отырған видеосын жариялады.

Қазір Венгриядамын. Жұмыс кезінде халық әніне айналып кеткен «Құсни, Қорлан» әнін орындауды жөн көрдім, – деп жазды Димаш.

 

Жүктелуде...