Жаңалықтар

-26 градус: 8 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет РМК 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Алматыда қар жауады. Күндіз ауа температурасы 2 градусқа дейін көтеріліп, түнде -3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,1 м/с. 

Астанада күн ақша бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -21 градусқа дейін жетіп, түнде -26 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,6 м/с.

Шымкентте де бүгін қар жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 6 градусқа дейін жетіп, түнде -1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,5 м/с деңгейінде болады.