Жаңалықтар

Астана: Алматы ауданында "Ашық есік күні" өтті

Бұл туралы newsroom.kz порталы Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппаратына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Алматы ауданы тұрғындарын қабылдау бойынша «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға келген 50-ден астам тұрғындарды аудан әкімі Мақсат Саматұлы және аудан прокуроры Маратбек Мирзамуратов жеке қабылдады.

Сондай-ақ, келушілер өз сұрақтарына аудан әкімінің орынбасарларынан және қалалық басқармалардың, құқық қорғау органдарының, коммуналдық қызметтердің өкілдерінен жауап алды.

Мұндай алаң әрбір тұрғын туындайтын мәселелерді шешу немесе өзге де құқықтық және әлеуметтік көмек алу үшін алдын ала жазылусыз жүгініп, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін, сапасын қамтамасыз етуге арналған.