InDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алыпты

Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды

Фото: фейсбук әлеуметтік желісі

InDrive компаниясының негізін қалаушыс және бас директоры Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазір компания 40-тан астам елде жұмыс істейді. Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алып, мемлекет басшылығына сенім білдіргені үшін алғысын білдірді.

"Мен Қазақстан азаматтығын алдым. Ел басшылығына сенім мен шақыру үшін, ал бүкіл Қазақстан тұрғындарына – InDrive такси сервисін қолданғандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді", – деді Томский alternativa Film Awards киносында сөйлеген сөзінде.

Ол сондай-ақ министр Бағдат Мусинге inDrive-ті қолдағаны үшін алғысын айтыпты.

"2018 жылдан бастап мен Ресейде тұрмаймын және жұмыс істемеймін. 2022 жылы біз Ресей Федерациясында жұмысымызды тоқтатып, қызметкерлердің көп бөлігін Қазақстанға жібердік. Бұл кездейсоқ шешім емес – себебі Қазақстан Indrive-тің халықаралық дамуы үшін көп үлес қосты. 2014 жылы елге алғаш рет келгеннен кейін мен Қазақстан тұрғындарының қонақжайлылығын, оптимизмін, энергиясы мен талантына тәнті болып, жақсы көре бастадым", - деді Томский.

 

Жүктелуде...