Астанада оқушылардың шығармашылық-зияткерлік қабілеттерін арттыру үшін қандай жұмыс атқарылуда?

Астанада оқушыларға арналған зияткерлік қабілеттерді арттыруға арналған шаралар өтуде

Елордада мектепке дейінгі жастан бастап жалпы білім беретін мектептердің бітіруші сынып оқушыларына дейін жас дарындардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамытуға бағытталған балалармен жұмыс жүйесін жолға қою қалай жүргізіліп жатқаны туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қайырбаева айтып берді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Астана қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушыларына арналған «Жұлдызды жол» олимпиадасы, «Елорда Еркетайы» шығармашылық байқауы, «Бестемше» спорттық іс-шарасы, 2-7 сынып оқушыларына арналған қалалық ғылыми жұмыстар мен шығармашылық жобалар байқауы, 2-4 сынып оқушылары арасындағы Республикалық пәндік олимпиада және т.б.

Орта буын оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша жасөспірімдер олимпиадасы, 5-6 сыныптар үшін республикалық пәндік олимпиада, 7-8 сынып оқушылары үшін география бойынша Ұлттық олимпиада, химия және биология бойынша Ұлттық олимпиада өткізіледі.

Осы зияткерлік турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға құрмет көрсетіп, алға қарай да биік шыңдарды бағындыруларын тіледі

Жоғары сынып оқушылары үшін республикалық деңгейдегі президенттік және лингвистикалық олимпиадалар, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауы, қалалық және республикалық «Абай оқулары», «Ақселеу оқулары», «Қадыр оқулары», «Мағжан оқулары», интеллектуалдық және шығармашылық байқаулар: «Абай әлемі», «Менің кіші Отаным», «Менің бастамам – менің Отаным үшін», халықаралық STEM олимпиадасы, «Robotek Grand Tournament» республикалық робототехника турнирі, робототехникадан ғылыми-техникалық жобалар байқауы.

 

Жүктелуде...