Жаңалықтар

Желтоқсанда қанша күн демаламыз?

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалатынын newsroom.kz порталы хабарлайды.

Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтар дүйсенбі күні де демалады.

Тәуелсіздік күні:

Желтоқсанда барлығы 11 демалыс және 20 жұмыс күні бар.

2022 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, соған сәйкес "16 желтоқсан Тәуелсіздік күні" ұлттық мерекесі мемлекеттік мерекелер қатарына енгізіліп, тек бір күн – 16 желтоқсанда тойлана бастады. Бұған дейін 17 желтоқсан да мереке күні болып саналып келген.