Жаңалықтар

“Тірлігіміз бірлігімізге сай ілгерілейді”

- Барлық бөлім басшыларынан бүгін аяқталуына мүмкіндігі бар жұмыстарды ертеңге қалдырмау талап етіледі. Әрі жыл басынан бері берілген тапсырмалардың заңға сәйкес жүзеге асуы тұрақты бақылауымда. Өздеріңізге белгілі, кей мәселелердің шешімі уақыт пен қаржыны қажет етеді. Бұл жағдайға түсіністік танытып, сабыр сақтағандарыңызға алғысымды білдіремін, - деп бастады өз сөзін шаһар басшысы.

 Шауғар секторында жыл ішінде өткен кездесулер нәтижесінде 140 мәселе көтеріліп, оның 132 орындалған, деп хабарлайды newsroom.kz.

 Яссы және Шавгар мөлтек аудандарының су құбыры желілерін қайта құру жұмыстары аяқталып, 2 455 абонент ауыз сумен қамтылды.

Шауғар м/а, Ортақ тұрғын алабын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысының 2-кезеңі және Ортақ тұрғын алабының кәріздік желісін салу құрылысының 1-кезеңі жүзеге асты.

 Б.Саттарханов даңғылы, Кенесары көшесі, І және ІІ мөлтек аудандарында, ОТП-3-те 10-0,4 кВ кабель желілері жүргізіліп, 53 трансформатор – 53 орнатылды. ХҚТУ, Яссы, Шауғар тұрғын алқабын электрмен жабдықтау құрылысы (трансформатор – 15 дана, абонент саны –1 242) және Түркістан қаласының Тәуке хан даңғылы, Қазыбек би, М.Абенов, Төле би, Н. Төреқұлов, Н. Тыныштықұлов көшелері бойында 10-0,4 кВ кабель желілері тартылды. Жалпы 45 дана трансформатор орнатылып, 5 822 абонент сапалы электр қуатымен қамтылды.

 2023 жылы Шауғар секторында 2 ойын алаңшасы салынып тұрғындарға пайдалануға берілген.

 Шауғар тұрғын алабында 177 көшенің 7 көшесіне - асфальт, 24 көшесіне тас төселді. 14,6 шақырым құрайтын 13 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол салынды. 83,4 шақырым құрайтын 49 көше жарықтандырылды.

Тұрғындардың өтініші бойынша №5 қоғамдық көліктің бағыты өзгеріп, Н.Төреқұлов көшесі 3-ші тұйық көшесімен жүре бастады.

 Атқарылған тірліктерге бағасын берген көпшілік күрмеулі мәселелерді көтеріп, ұсыныстары мен өтініштерін жеткізді.

 Нұрбол Әбдісаттарұлы өз кезегінде қоғам белсенділерінің еңбегіне ерекше ризашылығын жеткізді.

- Бөліп жаратын ештеңе жоқ. Қаладағы құбылыстарға әр біріміз үлкен жауапкершілікпен және жанашырлықпен қарасақ, бірлігімізге сай тірлігіміз де ілгерілейді, - деп сөзін түйіндеді.