Әйелі сабайтын еркек статистикасы немесе андрофобия деген не?

Өмір Шынықбекұлы жазба жариялады

Фото: mirtesen.ru

«Жылына 400 әйел ерінің қолынан қаза табады» деп жатыр. Лента озбыр еркектер туралы постарға толып кетті – деген қоғамда өзіндік орны бар әрі педагогтар (педагогтер дегенге әлі үйрене алмадық – ред.) құқығын қорғап жүрген Өмір Шыныбекұлы қазіргі жағдайға байланысты өзіндік ойы бар жазба жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz.

«Бұл андрофобияға әкеп соғуы, яғни жас қыздардың бойында еркектерді жек көрушілік сезімін қалыптастыруы мүмкін. Мұның салдары ауыр болмақ» деген педагог жазбасын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. 
***
Қазірдің өзінде ақырын дендеп бара жатқан еркекшора қыз-келіншектер мен қызтеке еркектердің күрт көбеюіне әкеп соқпай қоймайды. 
Мәселеге екі қырынан қарау керек.
Түрмелерде ерін өлтірген неше әйел отыр?

Мұны анықтау қиын емес.
15 пәтерлік подъезіміздің басым бөлігінде квариранттар тұрады. Сондықтан көршілеріміз жиі ауысып тұрады. 

Ішіп алып қолына пышақ алып, қатын-баласын бықпырт тигендей қуып жүретін еркектерді көрдік. 
Жасыратыны жоқ, ерін сабайтын әйелдер де болатынын анда-санда естіп қаламыз. 
Бірақ еркектің психологиясы бөлек. 

«Әйелім сабап жатыр» деп көшеге ойбайлап қашуға намысы жібермейді. 
Сол себепті, әйелінен зорлық-зомбылыққа ұшырайтын еркектер туралы статистика жүргізу өте қиын шаруа. 

 «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа шектеу қоятын» заң керек.
 Бірақ оны абайлап шығару керек.
Әйтпесе амазонкалар қоғамына айналуымыз мүмкін. 

Ежелгі грек мифологиясында «амазонкалар» деген тек әйелдерден тұратын жауынгер тайпа туралы айтылады. «Амазонка» деген сөздің этимологиясын індетсек «анарсыз», «емшексіз» дегенге келеді.

Мифтерде амазонкалар бала табу үшін өзге тайпалардың еркектерімен жақындасады. Ұл тапса әкесіне жібереді (кейбір деректерде ұл тапса өлтіріп тастайды), ал қыз тапса, садақ тартуға кедергі келтірмеу үшін оң жақ көкірегін күйдіріп тастайды. 

(Амазонкалар туралы Гомер, Плутарх және Геродоттың еңбектерінде бар.
Амазонкалар қазіргі Оңтүстік Кавказдың солтүстік жағын мекендеген дейді. Қазір ноғай, қарашай, балқар және т.б. түркітілдес халықтар мекендейтін бұл жерлерді кезінде қыпшақтар мекендеген.
Одан ары қазақ сақ патшайымы Тұмарға тірелеміз. Яғни, амазонкалар бізге алыс емес).
Геродоттың айтуынша, скифтер амазонкаларды «эорпата», яғни «ерін өлтірушілер» деп атайды.
Грекше эор  - ер (күйеу), пата - өлтіру.

 (Геродот, 1972, IV, 110]. 
Бұл жерде түркі этимологиясы анық көрініп тұр: эор - эр/ер – «күйеу, еркек, жұбай»; пата/вата/wata – «сындыру, сабау, өлтіру»
(М. Закиев, «Глубокие этнические корни тюркских народов»).
Аталмыш заң біржақты қабылданып кетсе, гендік жадыны оятып жіберуі мүмкін.. 

Даму жағынан бізден әлдеқайда озып кеткен мемлекеттер «қатын ұрмағандықтан» озған жоқ, адам құқығын қорғағаннан, басшысы да, қосшысы да заңды құрметтеп, мүлтіксіз сақтағандықтан алға шықты...
Төменде Питер Пауль Рубенстің атақты картинасы «Кир патшаның басын кескен Тұмар патшайым».

Жүктелуде...