Жаңалықтар

Қазақстандықтар неше жасында үйленеді?

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтар қай жаста отау құратынын жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Ұлттық бюро мәліметінше маңғыстаулық тұрғындар ең ерте үйленеді екен – орта есеппен 26,1 жас.

Ең кеш шаңырақ көтеретін ШҚО тұрғындары – 29,5 жас.

Астана – 28,6 жас.

Алматы – 28,8 жас.

Шымкенте – 27,9 жас.

Ел бойынша некеге тұрудың орташа жасы - 28 жас екен.

29 жасқа дейін елімізде 89 мың 4 әйел тұрмысқа шықса,  72 мың 869 ер адам отау құрған.

18-ден 19 жасқа дейін - 16 мың 453 әйел және 2 мың 481 ер адам;

20-дан 24 жасқа дейін - 50 мың 528 әйел және 35 мың 503 ер адам;

25-тен 29 жасқа дейін - 24 мың 765 әйел және 41 мың 207 ер адам;

30-дан 34 жасқа дейін - 14 мың 448 әйел және 21 мың 379 ер адам;

35-тен 39 жасқа дейін - 9 мың 182 әйел, 11 мың 473 ер адам;

40-тан 44 жасқа дейін - 5 мың 256 әйел, 6 мың 456 ер адам;

45-тен 49 жасқа дейін - 3 мың 151 әйел, 3 мың 888 ер адам.