Ақмола облысында өрттен 3 бүлдіршін қаза тапты

Рақымжан Қошқарбаев селосында өрт шықты

фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысы Целиноград ауданы, Р.Қошқарбаев ауылында 25 қараша күні өрт шығып, салдарынан бүлдіршіндер қыршын кетті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Тілсіз жаудан үш бала қаза тапты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрттен екі жасар бала мен алты жасар қыздың мәйітін алып шыққан. Кейін үйінді астынан тағы бір бала өлі күйінде табылды.

Алты айлық сәби ғана аман қалыпты. Бала оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақмола облысының өрт сөндірушілеріне өртті сөндіруге арнайы екі көлікпен келген 12 адамнан тұратын астаналық құтқарушылар көмектесті.

Жүктелуде...