"Автобус жүргізушісі есінен танып қалған": 8 сынып оқушысы ерлік жасады

Алматы облысында Ақжол есімді жеткіншек жолаушыларды құтқарып қалды

фото: polisia.kz

Алматы облысы Өтеген батыр қалашығының № 24 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Ақжол есімді жасөспірім автобус жолаушыларын күтпеген жайттан құтқарып қалды,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Бұл туралы журналист Шолпан Али өзінің әлеуметтік желісінде жазды.

"Нағыз Батыр! №24 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Ақжол батыр Алматы облысында жолаушылар мен автобус жүргізушісін құтқарып қалыпты. Автобус жүргізушісі рөлде инфаркт алып, есінен танып қалған.
Ақжол "автобусқа жүгіріп барып, дер кезінде тоқтатқан. Осы ерлігінің арқасында көлік құралы тұрғын үйлермен соқтығысудан аман қалған.

Жеткіншектің осы батыл әрекеті болмағанда, қанша адамның жапа шегері белгісіз еді.. Ақжолға өмірінің барлық кезеңіне ақ жол, ал жүргізушіге - тезірек сауығып кетуін тілеймін!
Осындай өжет жас ұрпақтарымыз барда, еліміз аман, жұртымыз тыныш болары сөзсіз!",- деп жазды журналист.

Алматы облысының әкімдігі бұл жағдайға пікір білдіріп, Ақжолға алғыстарын айтты.

"Алматы облысы Іле ауданында автобуста отырған адамдарды құтқарып қалған мектеп-лицейдің сегізінші сынып оқушысын нағыз батыр деуге болады. Жүргізуші жүрек ұстамасына байланысты көлікті басқара алмай қалғандықтан жігіт тез әрекет жасап, тежегішті басып, автобусты тоқтатты. Куәгерлердің сөзінше, оқушы жедел қозғалмағанда автобус жақын маңдағы ғимаратқа соқтығысар еді. Аман қалған жолаушылар алғысын айтты", - дейді облыс әкімдігінің өкілдері.    

 

Жүктелуде...