Теміржолшылардың жалақысы екі есе өсуі мүмкін

Теміржолшылар жалақысы қашан өспек?

фото: tengrinews.kz

Баспасөз мәслихатында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев теміржолшылардың арыз-шағымына байланысты БАҚ қойған сауалына жауап берді, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы el.kz-ке сілтеме жасап.

Компанияда 100 мың адамнан көп істейді. Оларды бір мың теңгеге көтерсек, әжептәуір болады. Әр «премия» ол өте керек ақша. Соңғы уақытта 241 миллиард теңге қаржыға жалақыны көтеру үшін біз ұсыныс жібердік. Үш жылдың ішінде теміржолшылардың жалақысы екі есе көтерілді. Қазір олардың жоғарғы жалақысы – 430 мың. Ал ең төменгі айлық – 160 мың, - деді ол.
 

 

Жүктелуде...