Жаңалықтар

1 тәулікте 1300-ден астам құқық бұзушылықты анықталды

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ІІМ-нің тапсырмасымен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидаты, қолайсыз отбасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша рейд ұйымдастыру, сонымен қатар жол жүрісі қозғалысы мәселесіне бақылау күшейту мақсатында мүдделі органдармен бірлесіп, ауқымды шара бастау алды. Яғни қараша айының соңғы он күндігінде республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шараның алғашқы тәулігінде Түркістан облыс полиция департаментінің басшы құрамымының қатысуымен Түркістан қалалық полиция басқармасы қызметкерлеріне саптық байқау өткізіліп, тиісті нұсқамалар берілді. Сондай-ақ облыс орталығындағы 10 учаскелік полиция пунктінде қала тұрғындарына іс-шараның мақсаты мен міндеті жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыс нәтижесінде шараның бірінші күнінде облыс көлемінде 27 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның 25-і ізін суытпай ашылды. Бұрын болған 11 қылмыс ашылды. Есірткі затын тасымалдау, сақтау бағытында 1 дерек тіркелді. Профилактикалық есепте тұратын, бұрын сотты болған 500-ге тарта адам тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілді.

Іс-шара барысында барлығы 1 349 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша 24, 440-бабы (Қоғамдық орындарда спирттік ішімдігін тұтыну немесе пайдалану) бойынша 54 әкімшілік хаттама рәсімделді. ҚР ӘҚБтК-ның 608-бабы (Автокөлікті мас халде басқару) бойынша 9 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Ал ҚР ӘҚБтК-ның 596-бабы 3-бөлігі (Автокөлікті қарама қарсы бағытта басқару) бойынша 4 құқық бұзушылық анықталды.

Жалпы іс-шараның негізгі мақсаты - жедел жағдайды сауықтыру, қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстардың алдын алу, орын алған қылмыстардың ізін суытпай ашу, іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау, тыйым салынған заттарды алып жүру, сақтау деректерін анықтауға бағытталған.