Түркістан облысында жылыжайлар көмірмен тікелей өндірушіден қамтамасыз етіледі

Жылыжай шаруашылықтарын көмір отынымен бір қолдан қамтамасыз ету үшін «Turkistan resource» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылып, көмір отынын өндірушілерден тікелей тасымалдау бойынша келісім шарты жасалды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Келісім шартқа сәйкес 2024 жылдан бастап «Шұбаркөл көмір» акционерлік қоғамынан жылыжай шаруашылықтарына тікелей 150 мың тонна көмір отыны жеткізіледі. Жалпы облыста 1640 га жылыжай бар, оның ішінде 634 га жылыжай көмірмен жылытылады. Яғни 275 мың тонна көмір қажет етеді. Қазіргі таңда 95 мың тонна сатып алынды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Түркістан облысы әкімдігі тарапынан жылыжай шаруашылықтарының мәселесін Үкімет деңгейінде көтерудің нәтижесінде оларды қолдаудың жаңа тетіктеріне қол жеткізіп, жылыжайлардың жылыту шығындарын субсидиялау ережесі бекітілді. Осы орайда, жылыжайларды жылыту шығындарының 20 пайызы субсидияланады. Оның ішінде фермерлік жылыжайлардың гектарына 4,8 млн. теңге, өндірістік жылыжайларға 8,1 млн. теңге бөлінеді. Бұл мақсатта биыл 500 млн. теңге қаржы бөлінді.

Облыста фермерлік жылыжайларды «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттік стандарттау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге жылыжай шаруашылықтары тарапынан 732 өтінім тапсырылып, 531 фермерлік жылыжай сертификатталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...