Словениядан жеңілсек те, Еуро-2024 ке қатыса алады екенбіз

Ел футболшыларының Еуропа чемпионатынада бақ сынауға мүмкіндігі бар

Қазақстан 21 қарашаға қараған түні Словения елімен футболдан додаға түсіп, 2:1 есебімен жеңілген еді,- депх абарлайды newsroom.kz порталы.

Бірақ,  2024 жылғы Еуропа чемпионатына енді Ұлттар Лигасы арқылы шығуға мүмкіндік бар. Ол үшін Грекияны ұту керек. 

Ойынға тоқталар болсақ, Қазақстан құрамасынан жарақатына байланысты Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Михаил Габышев, Бахтиёр Зайнутдинов кездесуге қатыса алмады.

Алғаш болып есепті Словения ашса, Рамазан Оразов қайта теңестірді. Ойынның нүктесін 86-минутта словениялық Беньямин Вербич қойды. 

Ұлттық құрама қауіпті сәттер туындатқанымен голға айналмады. 

Осылайша, Қазақстан қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.

Жүктелуде...