Аяз, көктайғақ, жел: 21 қарашада ауа райы қандай болады?

21 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет 21 қарашаға арналған ауа-райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Бүгін Алматыда күн ақша бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 11 градусқа дейін көтеріліп, түнде 2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 1,6 м/с болмақ.

Астанада синоптиктердің болжамына қарағанда, күн аздаған бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -1 градусқа дейін жетіп, түнде -11 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,2 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтіледі. Күндіз термометр бағаны 24 градусқа дейін жетіп, түнде 7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,5 м/с деңгейінде болмақ. 

Жүктелуде...