Жаңалықтар

Юсупованың экс-күйеуі немесе Нұржан Әлтаев туралы не білеміз?

Бүгін, прокурор Олжас Хайроллаев тіркелмеген "Ел тірегі" ұйымының жетекшісі Нұржан Әлтаевты 12 жыл колонияға қамап, белгілі бір лауазымды қызметті атқару құқығынан өмір бойына айыруды сұрағанын хабарлаған едік.

Ал, осы мәжілісітің экс-депутаты Нұржан Әлтаев туралы не білеміз? newsroom.kz порталы ұсынған мақаланы назарларыңызға ұсынамыз.

"Ел тірегі" деп аталатын партияға құруға талпынып жүрген мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев биыл маусымнан бері қамауда отыр. Оған "пара алды" деген айып тағылған. Өткен айда басталған сот жабық өтіп жатыр.

Жалпы, Нұржан Әлтаев 1978 жылы 13 қазанда ҚазКСР Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

2004 жылы М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы — Академиялық инновациялық университетін «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Іскерлік әкімшілендіру докторы.

2003−2004 — Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттік мәселелер жөніндегі проректоры, «Заңгер» жас заңгерлер клубының президенті, Оңтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындары мен орта оқу орындары «Отан» партиясы Жастар қанатының көшбасшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Құқықтық Қазақстан үшін» РМД жастар қанатының көшбасшысы.

2007-ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің жедел уәкілі, бөлім бастығы.

2007−2010 — «Оңтүстік» ӘКК ҰК" АҚ менеджері, бас менеджері, құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Басқарма мүшесі.

2010−2011 — Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы.

2011−2012 — «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығы бас директорының орынбасары.

2012 — «ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС директоры.

2013−2014 — Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры.

2014−2017 — «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.

2016 жылы Нұржан Әлтаев әйгілі қазақ гимнастшысы Әлия Юсуповамен ажырасқан.

2017 жылғы қарашадан 2018 жылғы қаңтарға дейін-ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

2018−2019 — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Сонымен қатар, «Шымкент» халықаралық әуежайы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2009−2010), «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2010−2011), «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ тәуелсіз директоры (09.2016) болды.

III сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Кандидат (2004), «Нұр Отан» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат (2016), ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (2019 жылғы ақпаннан 2020 жылғы қарашаға дейін).