weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 қараша, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкентте кәсіпкер ханымдар кездесті

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы мен республикалық бизнес-ханымдар қауымдастығы өкілдерінің кездесуі өтті.

Шымкентте кәсіпкер ханымдар кездесті
Ғаламтор желісінен

Кездесу барысында Палатаның өкілдері «Атамекен» ӨКП мен Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында көрсетілетін қызметтер, бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік қолдаулар туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды newsroom.kz.

«Кәсіпкерлер палатасында қаламыздағы қыз-келіншектердің қажеттіліктеріне байланысты оқу курстары қолға алынған. Осы курстарда жыл соңына дейін жүзден астам қыз-келіншекті қамту жоспарланып, ол кезеңімен іске асып жатыр. Олар – жеке кәсіпкерлер немесе өз ісін ашқысы келген азаматшалар. Шектеу жоқ, курсқа ісін жаңадан бастағандар да, тәжірибелі де кәсіпкерлер қатыса алады» – дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімнің бастығы Айдана Бейсебекова.

Бизнес-ханымдар қауымдастығының өкілдері, өз кезегінде, мақсаттары және алдағы жоспарларын бөлісті. Айта кетейік, бұл қауымдастық нетворкинг, тәжірибе және біліктілік алаңына айналған.

Кездесу барысында өзара ынтымақтастық түзіліп, бірге семинарлар, тренингтер мен шеберлік сағаттарын өткізу туралы келісім жасалды. Онда қауымдастықтың үздік спикерлері кәсіпкерлік бастамасы бар қыз-келіншектермен тәжірибелерін бөліспек.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→