Жаңалықтар

Жел, аяз, көктайғақ: 20 қарашада ауа райы қандай болады?

20 қарашадағы ауа райы болжамын Қазгидрометке сілтеме жасаған newsroom.kz порталы ұсынады.

Бүгін Алматыда жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 8 градусқа дейін көтеріліп, түнде 6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с болмақ.
 

Астанада синоптиктердің болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы -3 градусқа дейін жетіп, түнде -12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,0 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн аздаған бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 19 градусқа дейін жетіп, түнде 5 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,3 м/с деңгейінде болмақ.